
SIM картасы мен батареяны салу
Бұл телефон үшін BL-5C батареясы қолданылуы керек.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
1 Артқы қақпақты босату үшін босату түймесін (1) басып, оны (2) көтеріңіз.
Артқы қақпағын жоғары қарай (3) сырғытып алыңыз.
2 Батареяны көтеріп, шығарып алыңыз (4).
3 SIM картасын салыңыз (5). SIM картасының сары түсті түйісу аумағының беті
төмен қарап, қисық бұрышты жағының құрылғының төмен жағына қарап
салынғанына көз жеткізіңіз.
4 Батарея мен артқы қақпағын орнына салыңыз (6, 7, 8).